Меню KDT
  • Vk
  • YouTube
  • Twitter
  • Instagram

logo.png?_=1521042711

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
  • kz
  • Бақытты бала қаланатын мектеп: Әр баладан үміт күту
    Меню школы

    Название страницы


    23.01.2019ж күні Астана қаласы 67 гимназияда 7-9 сынып Топұландары 

    Бəрін тастада, кітап оқуды баста .

    Тәттілер сұрақ - жауап ойыны.

    Отбасылық тәрбие күні.

    2018 жылдың қаңтар айынан бастап №67 гимназиямыздағы тәрбие жұмысын жүзеге асырушы   «Жас ұлан» ұйымының бастауымен бірнеше инновациялық жобалар жүзеге асырылып келеді:

          «Аптаның алты күні» инновациялық жобаның мақсаты:гимназия оқушыларына арналған күн тәртібін белгілей отырып, белсенді оқушылардың бастауымен ұжымдық жұмыстарды ұйымдастыру.

    1. Дүйсенбі күні – «Құқық және біз»  - Мақсаты:  оқушылар арасында құқық бұзышулыққа қарсы үгіт-насихат жүргізіп, оқушы  құқығы жайлы мағұлмат беріледі.

     

    1. Сейсенбі күні – «Мейірімділік»   - Мақсаты:  мектеп ұжымында мәдениетті қарым-қатынас қалыптастыру. Яғни, ұстаздар, қызметкерлер және оқушылар бір - бірлеріне бауырмалдық көрсетіп, жылы лебіздерін білдіреді. 

     

    1. Сәрсенбі күні –  «Отбасылық тәрбие»  - Мақсаты:  оқушылар арасында отбасы тәрбиесінің маңыздылығы туралы ұғым беру және  ата – ананы қадірлеп, отбасы құндылығын сақтау. 

     

    1. Бейсенбі күні –  «Бәрін тастада, кітап оқуды баста» атты кітап оқу күні – Мақсаты:  гимназия оқушылары 15 минуттық үзілісте  уақыт үнемдеп кітап оқып, бір – бірлерімен пікір алмасу арқылы рухани білімдерін байытады.

     

    1. Жұма күні –  «Тазалық – денсаулық кепілі»  тазалық сақтау күні. Мақсаты: оқушыларының жек бас және гимназия ішіндегі тазалықты сақтай отырып,  ұқыптылыққа ұжымдастыру. Сол аптада кезекші  сынып  жүргізіліп жатқан жұмыстарды қадағалайды.

     

    1. Сенбі күні –  «Шынықсаң шымыр боларсың» - денсаулық күні. Мақсаты: оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға тәрбиелей отырып, салауатты өмір салтын сақтау. Оқушылар өздеріне ұнайтын спорт түрлерімен жаттығады.




    Қаңтар айының қорытындысы бойынша 1 «а», 2 «б», 3 «а», 6 «ә», 9 «ә» сыныптары үздік деп танылды. Әр айдың соңғы аптасында үздік сыныптар бақылау рейтингі барысында алмастырылып отырады. Аталған инновациялық жобалар гимназиямызда жылдың соңына дейін өз жалғасын табады.


        
      
      

    Послание
    Президента

    Біздің мектебіміздің сайты Сізге ұнай ма?

    Дауыс беру

    -->

    Пайдалы сілтемелер