Меню KDT
  • Vk
  • YouTube
  • Twitter
  • Instagram

logo.png?_=1521042711

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
  • kz
  • Бақытты бала қаланатын мектеп: Әр баладан үміт күту
    Меню школы

    Ата-аналар блогы

    №67 гимназиясы мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы Хаттама№2 14.02.2020ж

    №67 гимназиясы мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы Хаттама№1 13.09.2019ж

    №67 гимназиясы мектепішілі жалпы ата-аналар жиналысы Хаттама№5   15.11.2019ж    
    Білім беру жүйесіндегі критералды бағалау 

    1 Сыныпқа қабылданған оқушыларды мектепке даярлау курсының жұмыс жоспары




    №67 гимназияда «Отбасылық құндылық» тақырыбы аясында 

     
    жүргізген жұмыстардың анықтамасы 

                2017-2018 оқу жылында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде оқушылар, ата-аналар, гимназия ұжымы арасында кездесулер, дөңгелек үстелдер мен семинар сабақтар өткізілді.

    11 қыркүйек күні №67 гимназияда денсаулық күніне арналған «Спорт – жан саулығы» атты жарыс өткізілді. Бұл іс шараның негізгі мақсаты оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға баулу, спортқа деген қызығушылығын арттыру, әртүрлі спорттық ойын түрлерімен таныстыру және тәсілдерін меңгерту.  Іс-шараға  5-11 сынып оқушылары  және  мектеп мұғалімдері қатысты. Жауапты денешынықтыру пәні мұғалімдері  әр түрлі спорттық ойындарды  сыныптар арасына бөліп қызықты өткізді. Оқушылар арқан тартыс, жугіру, футбол, волейбол, баскетбол және т.б ойын түрлерінен жарысқа қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Мектеп медбикесі   Зейнеш Ерназаева сайыс барысында оқушылардың қауіпсіздігін қатаң қадағалап,  жарақаттану жағдайларының алдын алды.
       

       Оқушыларды мектеп қабырғасынан бастап қарттарды құрметтеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізетті болуға тәрбиелеу мақсатында 1 қазанда қарттар күні мерекесіне концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. 5-10 сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Қарттарға арнап ән айтылды, би биледі. Көңілді әуендерге қарттар ортаға биге шақырылып, біраз сергіп қалды. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Насиев Қажымұрат гимназия ұжымына ыстық тілек пен жылы лебіздерін білдіре алғыстарын жаудырып, марапаттау қағаздарын табыстады.06.10.17 күні тәрбие ісінің меңгерушісі Б.Т.Бұлғиев пен гимназия инспекторы А.Е.Қайырбековамен бірлікте  9-10 сынып оқушыларының қатысуында  нарколог Эльмира Казбековамен кздесуі болып өтті. Қатысқан оқушылар саны 173. Кездесу барысында алькогол өнімдері мен темекі өнімдерінің адам ағзасына зияндығы турасында дәріс оқылып, слайдтар көрсетілді. Дәріс барысында алькоголдік өнімдердің адам ағзасында өмір бойы қалып, жасөспірімнің келешек ұрпағына да әсері болатындығын түсіндіріп өтті. Оқушылар тарапынан темекінің зияндығы мен дизел өнімдерінің ішімдік қатарында ма, немесе тағы қандай сусындарды ішуге болмайтыны туралы сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды. Мектептің бірінші қабатындағы экран арқылы аталмыш тақырыпта документальды фильмдер көрсетілініп, сынып жетекшілер тәрбие сағаттарында жан-жақты түсініктер берді.

    Мектептің бірінші қабатындағы экран арқылы аталмыш тақырыпта документальды фильмдер көрсетілініп, сынып жетекшілер тәрбие сағаттарында жан-жақты түсініктер берді. 20.01.17 күні Астана қаласының №10 емханасынан ЗОЖ (салауатты өмір салты)  қызметкерлері №67 гимназия оқушыларымен кездесу өткізіп, «судың адам ағзасына пайдасы және ішу тәртібі» тақырыбында семинар өткізіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. 26.10.17ж күні «Әлем» волонтёрлық орталығның үздік маманы В.Р.Зигиншинмен  «Нашақорлық.Аңыз немесе ақиқат» тақырыбында №67 гимназияның  8-10 сынып  оқушылары арасында кездесу  өткізілді. Қазіргі кезде жастар арасында белең алған нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу. Оның адам өміріне қауіптілігі жайлы айтылды және презентациялар көрсетілді. Оқушыларға қызықты тесттер жүргізілді. Бұл кездесуге 8-10 сынып оқушылары түгелімен қатысып, тақырып бойынша өздерін қызықтырған сұрақтар қойды. Кездесу барысында тақырыпқа байланысты оқушылармен жан-жақты мағлұматтар алды.

    2017 жылдың 20-25 қараша аралығында «Сабақтағы бала білімін бақылаудағы ата-ананың көзқарасы» апталығы аясында 1-11 сынып ата-аналарын қолайлы уақытта кез келген сабаққа қатыстыру жұмыстары жүргізілуде. Келген ата-аналар өз балаларының білімдерін бақылап, арнайы бақылау қағаздарына пікірлерін жазбаша қалдыруда. 2017 жылы 10 қарашада «Отбасы – рухани-адамгершілік тәрбие бастауы» отбасылық басқосуға №67 гимназиядан толығымен өнерлі Каргожиндер отбасы белсене атсалысты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтауда ынтымақтастық қарым-қатынастарының бірлескен отбасылық шығармашылығын жария ету мақсатында қатысып, өнер көрсетті. Қала бойынша бес отбасының басқосуы болды. Басқосуда талқыланған тақырыптар:

    -         Заманауи отбасыларының жай-күйі және оны дамыту үрдістері;

    -         Отбасы алдындағы жауапкершілік сезім және отбасының дұрыс қарым-қатынас тәрбиесі;

    -         Оқушылардың өз үйіне, отбасына құрметпен қарауын қалыптастыру;

    -         Ата-ана мен балалардың серіктестігі.

    Басқосудың нәтижесінде Білім Басқармасының және Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының алғыс хатымен, арнайы кубогымен марапатталды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу барысында гимназияда «Отбасы құндылығы» клубы құрылды Мақсаты:Елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу. Отбасылық құндылықтарды құрметтеу, іргесі берік жарасымды отбасы қалыптастыруды насихаттау. Жалпы отбасылық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейте отырып, отбасы–тәрбиенің негізі екенін ұғындыру. Ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау. Бүгінгі күнде клуб жұмысын жан-жақты жандандырып, ата-аналар арасында келісе алмаушылық болған жағдайда келісімге шақырып, мәмілеге келтіру орталығы Медияция тобын құрды.

      

                   Гимназия директоры:                                  Г.А.Абдраманова   

    Послание
    Президента

    Біздің мектебіміздің сайты Сізге ұнай ма?

    Дауыс беру

    -->

    Пайдалы сілтемелер