Меню KDT
  • Vk
  • YouTube
  • Twitter
  • Instagram

logo.png?_=1521042711

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
  • kz
  • Бақытты бала қаланатын мектеп: Әр баладан үміт күту
    Меню школы

    Ата – аналардың (заңды тұлғалардың) және басқа тұлғалардың  мектепте болу тәртібі

    1. Жалпы ережелер

    1. Білім беру мекемесінде болу мектеп әкімшілігімен немесе педагогтармен алдын ала келісім бойынша рұқсат беріледі.
    2. Белгіленген кездесу туралы мектеп қызметкері алдын ала күзет қызметіне жазбаша түрде хабарлайды.
    3. Сынып жетекшілері сыныптың ата-аналар жиналысы, ата-аналар комитетінің отырыстары және бөгде адамдардың қатысуымен өтетін өзге де іс-шаралар туралы мектепке келушілерді есепке алу журналына міндетті түрде жазып, алдын ала мектеп әкімшілігіне және кезекші күзетшіге хабарлауға міндетті.
    4. Бастауыш сынып мұғалімдері оқу күнінің аяқтау уақыты туралы ата-аналарға алдын ала айтуы керек, сабақ аяқталған соң балаларды киіндіріп, мектептен бірге шығарып салады.
    5. Балаларын мектепке сабаққа, қосымша сабақтарға (секциялар, үйірмелер,факультативтер) алып келген немесе алып кетуге келген ата-аналар балаларын мектептің 1-қабатындағы вахтаның жанында холлда күтіп тұрады.
    6. Мектепте болу кезінде мыналарға  ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
    • Қоғамдық тәртіпті бұзуға:
    • Өзімен бірге оқ атылатын, газ, пневматикалық және суық қару, пиротехника, арнайы қорғаныс құралдарын, есірткі заттарын алып жүруге:
    • Спирт ішімдіктерін өзімен алып келуге және ішуге, темекі шегуге;
    • Мектеп қызметкерлеріне, оқу үдірісіне кедергі жасауға;
    • Өзімен бірге жануар ертіп келуге;
    • Сауда жасауға және жарнама жұмысымен айналысуға.
    • Мектептің ішінде және ауласында видиоға немесе суретке тусіруге
          7. Мектеп қызметкерлері мектепке келушіні мынадый тәртіп бұзған жағдайда шығарып жіберуге құқылы:
    • Қоғамдық тәртіпті бұзған және объектіге қауып туғызған жағдайда;
    • Мектеп аумағында мақсатсыз жүргенде және объектінің қалыпты қызметіне кедергі жасағанда;
    • Мектеп ішіндегі және сыртындағы мүлікке қол сұққан жағдайда;
    • Мектеп қызметкерлері мен оқушыларына дөрекілік танытқанда;
    • Мектепке келуші өз іс-әрекетіне жауап бере алмағанда, жанжал туғызғанда, басқа келушілердің ар-намысына тигенде.

          8. Шұғыл жағдайдағы барлық мәселелерді кезекші әкімші шешеді.

    2. Ата – аналардың мектепте болу тәртібі
        1. Ата-аналардың мектепке кіруіне мектеп әкімшілігімен немесе педагогтармен алдын ала келісім бойынша рұқсат беріледі.
         2. Мектептің басқа қызметкерімен кездесу үшін мыналар қажет:

    • Кездесу уақыты мен орны туралы алдын ала келісу;
    • Мектепке белгіленген уақытта жеке басын куәландыратын құжаттармен келуі;
    • Вахтерге келіп, өзінің келгенін тіркеуі керек: аты-жөнін айту, келу мақсатын, кездесу белгіленген мектеп қызметкерінің аты-жөнін айту, жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы;

    Естеріңізде болсын! Мұғалімдермен кездесу тек оқу үдірісі аяқталған соң ғана жүргізіледі!

    Сабақ кезінде мұғалімді және оқушы шақырып алуға тыйым салынады!
         
         3. Ата-аналардың мектепке тіркелмей кіруіне тек мына жағдайларда ғана рұқсат беріледі:

    • Ата-аналар жиналысы;
    • Ашық есік күндері;
    • Мекерекелік іс-шаралар.
    3. Бөгде тұлғаларды мектепке кіргізу
    1. Бөгде тұлғаларды мектепке кіргізу (бөгде тұлғалар деп білім беру үдерісін тікелей іске асыруға байланысы жоқ және мектепте оқымайтын немесе олардың ата-анасы олардың заңды өкілдері емес азаматтар) оларға тек білім мекемесі әкімшілігінің келісмі бойынша рұқсат беріледі.
    2. Мектеп әкімшілігінің  рұқсатымен бөгде тұлғаларды кіргізу тек мектеп вахтасындағы журналға келу мақсаты міндетті түрде жазылып, жеке басын анықтаған соң кіргізу мүмкін болады.

     

    Послание
    Президента

    Біздің мектебіміздің сайты Сізге ұнай ма?

    Дауыс беру

    -->

    Пайдалы сілтемелер