Меню KDT
  • Vk
  • YouTube
  • Twitter
  • Instagram

logo.png?_=1521042711

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
  • kz
  • Бақытты бала қаланатын мектеп: Әр баладан үміт күту
    Меню школы

    Астана  қаласы № 67 гимназия кітапханасының
    2017- 2018 оқу жылындағы атқарған  жұмысының талдау есебі

           №67 гимназия кітапханасы 2011 жылдан бері қарай жұмыс жасап келеді. Кітапхананың жалпы ауданы 158, 0 шаршы метрді құрайды. Материалдық -техникалық базасына тоқталар болсақ кітапханада 55 сөре, 3 компютер, 10 шкаф, 40 орындық оқырман залы жұмыс жасайды. 2 штат бірлігі бойынша жоғары білімді мамандар гимназия оқырмандарына қызмет көрсетеді. Кітапханамыз гимназия басшысының келісімен бекітілген тұрақты жоспар негізінде жұмыс жасайды. Кітап қорымыз туралы мәліметтерге сүйенер болсақ, бүгінгі таңда жалпы саны 43 846 дана кітап қоры бар. Оның 39 554 данасы жалпы пәндер бойынша арнайы тапсырыспен алынған заманауи оқулықтарды, 4292 данасы көркем әдебиеттер санын құрайды. Кітапханадағы компютер жүйесі интернет желісіне қосылған. Әрбір оқырманға шаққанда кітап саны 19,5 ке, оқулық саны 1 оқушыға 16,5 бірлікті  құрайды. Кітапхананың басты міндеті гимназия оқушыларын 100 пайыз оқулықпен қамтамасыз ету, оқушыларға, ұстаздарға, ата-аналарға ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету. Оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын оятып, жалпы кітапқа деген қамқор көзқарастарын қалыптастыру. Кітапхана қорының қатары соңғы жылдары түрлі тақырыптағы электронды кітаптармен толықтырылды. Мысалы балаларға арналған электронды ертегілер сериясы, қазақ-ағылшын тіліндегі аударма әдебиеттер, тіпті Абайдың қара сөздері мен өлеңдерінің интерактивті нұсқалары оқырмандардың қызығушылығын арттыра түсті.

       

    Послание
    Президента

    Біздің мектебіміздің сайты Сізге ұнай ма?

    Дауыс беру

    -->

    Пайдалы сілтемелер