Меню KDT
  • Vk
  • YouTube
  • Twitter
  • Instagram

logo.png?_=1521042711

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
  • kz
  • Бақытты бала қаланатын мектеп: Әр баладан үміт күту
    Меню школы

    Астана  қаласы № 67 гимназия кітапханасының 2017- 2018 оқу жылындағы атқарған  жұмысының талдау есебі

           №67 гимназия  кітапханасының  мектеп оқушыларының өмірінде алатын орны ерекше. Себебі кітап арқылы олар өздерінің бойына ақыл-ойдың інжу- маржанын жинайды. Білімнің қайнар бұлағынан сусындайды. Ой-өрістерін кеңейтіп, білім қуаттарын арттырады.
           №67 гимназия кітапханасы 2011 жылдан бері қарай жұмыс жасап келеді. Кітапхананың жалпы ауданы 158, 0 шаршы метрді құрайды. Материалдық -техникалық базасына тоқталар болсақ кітапханада 55 сөре, 3 компютер, 10 шкаф, 40 орындық оқырман залы жұмыс жасайды. 2 штат бірлігі бойынша жоғары білімді мамандар гимназия оқырмандарына қызмет көрсетеді. Кітапханамыз гимназия басшысының келісімен бекітілген тұрақты жоспар негізінде жұмыс жасайды. Кітап қорымыз туралы мәліметтерге сүйенер болсақ, бүгінгі таңда жалпы саны 43 846 дана кітап қоры бар. Оның 39 554 данасы жалпы пәндер бойынша арнайы тапсырыспен алынған заманауи оқулықтарды, 4292 данасы көркем әдебиеттер санын құрайды. Кітапханадағы компютер жүйесі интернет желісіне қосылған. Әрбір оқырманға шаққанда кітап саны 19,5 ке, оқулық саны 1 оқушыға 16,5 бірлікті  құрайды. Кітапхананың басты міндеті гимназия оқушыларын 100 пайыз оқулықпен қамтамасыз ету, оқушыларға, ұстаздарға, ата-аналарға ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету. Оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын оятып, жалпы кітапқа деген қамқор көзқарастарын қалыптастыру. Кітапхана қорының қатары соңғы жылдары түрлі тақырыптағы электронды кітаптармен толықтырылды. Мысалы балаларға арналған электронды ертегілер сериясы, қазақ-ағылшын тіліндегі аударма әдебиеттер, тіпті Абайдың қара сөздері мен өлеңдерінің интерактивті нұсқалары оқырмандардың қызығушылығын арттыра түсті.

            «Кітап әлемді бағындырады» тақырыбындағы Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткізілген  интеллектуалдық сайысқа оқушылар зор белсенділікпен қатысты. Мақсатымыз: Оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын ояту болатын. Сайыс барысында 6-7 сынып оқушыларымен «Сенің ағашқы кітабың», «Кітаптытап», «Тәтті викторина», «Суретке қарап әңгімеле», «Тапқыр болсаң тауып көр» деген түрлі сайыс формасында жұмыстар ұйымдастырылды. Бұл әдіс  оқырмандардың белсене  араласуына жол ашты. Олар өздерінің ішкі түйсіктерін жасырмай ортаға салып, бір-бірімен сыр бөлісті. Олардың әрбір пікірі біз үшін келер күннің жоспарына бағыт берді Мына суреттер соның бір дәлелі.    
         «Кітап әлемді бағындырады» тақырыбындағы Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткізілген  интеллектуалдық сайысқа оқушылар зор белсенділікпен қатысты. Мақсатымыз: Оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын ояту болатын. Сайыс барысында 6-7 сынып оқушыларымен «Сенің ағашқы кітабың», «Кітаптытап», «Тәтті викторина», «Суретке қарап әңгімеле», «Тапқыр болсаң тауып көр» деген түрлі сайыс формасында жұмыстар ұйымдастырылды. Бұл әдіс  оқырмандардың белсене  араласуына жол ашты. Олар өздерінің ішкі түйсіктерін жасырмай ортаға салып, бір-бірімен сыр бөлісті. Олардың әрбір пікірі біз үшін келер күннің жоспарына бағыт берді Мына суреттер соның бір дәлелі.



          Сол сияқты 1-желтоқсан Президент күнінде гимназияның фоесіне «Елбасыжәне Егемендік» деген тақырыппен  Болашаққа бағдар: Рухани жаңғырубағдарламасы аясында тақырыптық көрме жабдықталды. Ол ай бойын оқырмандардың назарында болып, еліміз туралы толыққанда ақпарат алуларына мүмкіндік тудырдық.
     
        «Тұғыры биік тұлға бар,артында мәңгі із қалар» деген тақырыппен көрнекті жазушы І.Есенберлиннің шығармашылығына арналған оқырмандар онкүндігін өткіздік. Онкүндікте оқушылар жазушының шығармаларына ден қойып, өмірі мен қайраткерлік іс-әрекеттері туралы толыққанды ақпарат алды.
             Ақпан айында кітапханашылардың ұйымдастыруымен қазақтың  біртуар ақыны, поэзия алыбы Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Есіңемені алғайсың» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Бұл кеште Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрының актері, Мұқағалидың сахналық  бейнесін жасап жүрген  Жанқалдыбек Төлендиевтің оқырмандармен кездесуін өткіздік.Оқушыларымыз ақынның өлеңдерін жатқа оқып ақын шығармаларымен тағы да бір қауышты
     


        Кеште гимназия оқушылары ақынның өлеңдерін оқыды. Сонымен бірге өлеңдеріне жазылған әндерін орындап кеш қонақтарының көңілін көтерді. Ақынға жасалған бұл құрмет жас ұрпақтың санасында ұзақ сақталады деген сенімдеміз.

           Кітапханада өткізілген « Отбасы кітапханасы: Бірлесіп оқу» пікірталас кешінің  мән мағынасы өте зор болды. Бұл  іс-шара  «100 кітап» жобасының  негізінде  ұйымдастырылды. Оған мектеп оқушыларымке қоса ата-аналар да қатысты.

      
       «Оқырман отбасы:бірлескен оқу» іс шарасына қатысқан 6 «а» сынып оқушысы Төлен Нұрайдың  анасы Айман ханым оқырмандармен  өз отбасындағы кітап оқу тәжірибесін бөлісті. Кітапханаға отбасының атынан «Тәрбие хрестоматиясы"деген құнды кітапты сыйға тартты.
     

        Әр аптаның бейсембі күні гимназияда «Бәрін таста да, кітап оқуды баста» оқырмандар акциясы тұрақты түрде өткізіледі. Бұл кезде гимназия оқушылары үлкен үзіліс кезінде өздері сүйіп оқитын кітаптарын оқиды. Басты кейкерлер туралы эсселер жазып, суреттерін салады. Бұл акцияға гимназияның ұстаздарымен жұмысшы- қызметкерлері де белсене ат салысады. Төменде оқырмандардың кітап оқу сәтінен көріністер.

      

        Жуырда гимназия кітапханасында №67 гимназия,  №68 мектеп, №80 мектеп және Қазақ –түрік лицейінің оқушыларымен біздің гимназия оқырмандарының бірлескен оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды. Бұл конференцияда айтулы қаламгер Ілияс Есенберлинн туралы «Толағай» атты кітаптың тұсаукесері өткізілді. Онда жазушы Әзілхан Нұршайықовтың  осы кітапқа жазған «Ұлттық ұлы қазына» атты  «Көшпенділер» трилогиясы мен оның авторы туралы ойлар мен естеліктерін талқыладық. Төрт мектептің оқырмандарына кітаптан үзінділер бір мезетте таратылып берілді. Олар өздерінің он-он бес минут ішінде оқыған текстері бойынша ойларын ортаға салды. Кітап оқудың бұл түрі оқырмандардың ерекше қызығушылығын тудырды.Мына суреттер соның айқын дәлелі.

     

     «Сәуір айының басынан бастап гимназияда оқырмандар клубы мен  кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Бір отбасы- бір кітап» кітап қабылдау акциясы жүріп жатыр. Акцияға гимназия оқушылары ата-аналар белсенді түрде ат салысуда.

        

            Сол сияқты кітапханашылар оқырмандардың назарына еліміздің өміріндегі басты оқиғаларының бірі болып табылатын Латын әліпбиіне көшу тақырыбына арнап «Латынәліпбиі-қазақ тілінің жаңа көкжиегі» атты тақырыппен стенд әзірледі. Онда латын әліпбиінің жаңа нұсқасы айшықталған. Осындай көрменің қатарына үш тілде жазылған «100 кітап» стендін де жатқызуға болады. Онда оқыған кітаптары бойынша оқырмандардың салған суреттері мен жазған эсселерінің ең таңдаулылары ілулі тұр.

    Послание
    Президента

    Біздің мектебіміздің сайты Сізге ұнай ма?

    Дауыс беру

    -->

    Пайдалы сілтемелер