Меню KDT
  • Vk
  • YouTube
  • Twitter
  • Instagram

logo.png?_=1521042711

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
  • kz
  • Бақытты бала қаланатын мектеп: Әр баладан үміт күту
    Меню школы

                                                              "Бекітемін":
                                                                                                     №67 гимназия директоры
                                                                                        _______Г.А.Абдраманова
                                                                                                     «___» ____ 2018 ж.
     
    №67 гимназия  оқушыларының кодексі
    Кодекс Астана қаласы Білім басқармасының ұсынылған үлгісі негізінде және «Жас Ұлан» ұйымы мүшелерімен келісілген түрде бекітілді
     Астана 2018 ж
    1. Жалпы ереже
      1. Осы Кодекс Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңы, 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-ІҮ«Неке және отбасы» Заңы, 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 «Бала құқығы туралы» Заңы, «Бала құқығы туралы Конвенциясына сәйкес жасалды. 
      2. Кодекс мақсаты: мектеп қабырғасында қолайлы ортада сапалы білім алуына мүмкіндік беретін оқушылардың бірыңғай ережелері мен міндеттерін енгізу.
    2. Негізгі талаптар
    3. мектеп әкімшілігі, педагог қызметкерлері, оқушылары арасындағы өзара сыйластық негізінде оқушылардың академиялық және әлеуметтік жетілуі үшін қауіпсіз білім ортасын құру. Бұл ережелер мектеп құндылықтарына сүйене келе жасалып отыр. Яғни айтқанда:

              -оқушы үнемі сабаққа қатысады, тереңдетілген бағдарламаны меңгеруге  талпынады, дамиды. Сабаққа қатыспаған жағдайда,  өзінің сабаққа қатыспағандығын дәлелдейтін құқықтық анықтамасы көрсетіледі;

             -сабаққа қатыспаған  жағдайда оқушы өз бетімен оқу материалдарын талдап,  мұғалімнен қосымша  ақпараттарды алып, сабаққа дайындалады;

             -оқушы сабақта мұғалім белгілеген орында отырады. Оқушы үй тапсырмасын орындамағандығы туралы нақты дәлелі болса, мұғалімге сабақтан бұрын хабарлайды. Оқушы мұғалімнің берген үй тапсырмасын күнделікке жазуға міндетті;

              -оқушы гимназияда өткізілетін іс-шараларға және сабақтарға кешікпеуге міндетті. Қоңырау соғылғаннан кейін оқушы сыныпқа кіріп, сабаққа дайын болуы керек. Егер оқушы сабаққа кешігіп қалса, оның себебін түсіндіріп, мұғалімнің рұқсатымен ғана өз орнына отырады;

              -сабақта пән мұғалімінің талаптарын орындайды. Сабақ тәртібін сақтап, сабаққа қажетті барлық оқу құралдарын дайындайды. Оқушыларға сабақ барысында басқа нәрсемен айналысуға, мұғалімнің рұқсатынсыз басқа орынға отыруға, өз орнынан тұрып сыныптан шығып кетуге қатаң тыйым салынады;

               -сабақ аяқталмас бұрын мектептен шығуға сынып жетекшісінен немесе  әкімшілік кезекшісінен  рұқсат алады. Оның себебі, баланың ауырып қалуы, ата-анасының анықтамасы, басқа мемлекеттік мекемеге шақырылуы және де т.б. болып табылады;

              -оқушы мекеме ғимаратындағы құрал жабдықтарға, оқулықтарға, оқу құралдарына мұқият қарайды. Мекеме мүлкіне зиян келтірген жағдайда, «№67 гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің жарғысына (2011 жылғы 1 сәуірдегі №22-249қ қаулысына қосымша) сәйкес мекемеге келтірген шығынын өтеуге міндетті;

             -мекемеден алған оқулықтары мен басқа да оқу құралдарын оқу жылының соңында немесе мекемеден кетіп жатқан жағдайда тапсырады;

             -гимназия ішінде және оның аумағында тәртіп пен тазалықты сақтайды, мектептегі және сыныптағы кезекшілікті ұқыпты орындайды;

             -жас ерекшеліктеріне қарай мектепішілік еңбекке, мектептің және сыныптың ұжымдық еңбектеріне қатысады;

             -өрт қауіпсіздігі және техника қауіпсіздігі ережелерін сақтайды.

    3.Сыртқы пішінге қойылатын талаптар

    1. бұйрығымен міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға міндетті.

    «Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады. Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіліп, күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді», - делінген құжатта.

    Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

    1. қосуға болмайды», - делінген хабарламада.

     

    1. Алайда мына үлгідегі мектеп формасын киюге тиым салынады:

              -арты жоқ екінші аяқ киім (шлёпка, сланцы және т. б.), кроссовка, кеды, биік өкшелі аяқ киім, діни үлгідегі киімдер (хиджаб, никаб, бурка, паранджа, сикх тюрбан және иуд бас киімі, «үлкен» христиан кресті және т. б. ) киюге, кейбір дене бөліктерін (қарын, бел, төс) жартылай айқындайтын киім киюге;

              -шашты ашық түске бояу, назарды аудартатын косметика, маникюр, зергерлік бұйымдарды қолдануға, көзді жауып тұратын шаш үлгілерін қидыруға;

              -мектеп формасы жайлы талаптарды сақтамаған оқушыларды мұғалімдер,сынып жетекшілері ата-анасына хабарласып, ретке келтіруге болады және мұны мектеп әкімшілігіне хабарлауы тиіс.

     

    1. Академиялық адалдық талаптары

              -академиялық адалдық     саясаты  мәнмәтінінде   табандылық  адалдық  пен əділдікті насихаттайды;

              -академиялық адалдыққа қарсы әрекеттерді болдырмау міндеттеледі:

              -басқалардың жұмысын толығымен көшіріп алу;

              -кез-келген бағаланатын жұмысты басқалар үшін орындау;

              -бағаларды, мәліметтерді өзгерту;

              -берілген тапсырманы мұғалімді алдау арқылы орындау;

              -шешім шығару  барысында әділетсіздікке бару;

              -рұқсатсыз ақпараттар мен құралдарды қолдану.

              -оқушылар: тапсырылған жұмысты өздігінше орындау  жауапкершілігін түсінуге, емтихан және басқа да бағалау жұмыстары кезінде нұсқаулық пен ережелерді сақтауға міндетті.

              -академиялық адалдық – бұл:  кез келген бағалау жұмыстары (қалыптастырушы және  қорытынды  жұмыстарының,  жобалау жұмысының кезкелген  түрлері,  кеңейтілген эссе, жеке жоба, әлеуметтік жоба) кезінде тәртіпті сақтау.

              -оқушылар: академиялық жұмысты адал орындауға,

     яғни басқа оқушылардың жұмысын көшірмеуге және  пайдаланбауға міндетті.

     

              -гимназияның білім беру бағдарламасына сәйкес сапалы білім алуға;

              -қауіпсіз, үйлесімді, дискриминациядан еркін ортада білім алуға;

             -оқу үрдісі, үлгерімі туралы ақпарат алуға;

             -оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымына қатысуға;

             -оқу-әдістемелік кешенін, оқулықтарды, мәжіліс залы мен кітапханаларды, ақпараттық ресурстарды тегін қолдануға;

             -оқу және шығармашылық іс-әрекеттермен айналысуға;

             -сабақ арасында және демалыстарда демалуға;

             -гимназияда ұйымдастырылған курстар мен элективті пәндерді таңдау мүмкіндігі туралы ақпараттарды алуға;

             -гимназияда медицина, әлеуметтік-педагог, психолог мамандары тарапынан көмек алуға;

     

            -себепсіз сабақтан қалуға;

    - сабаққа, сыныптан тыс және мектептен тыс шараларға кешігуге; 

    - сабақта, мектеп қабырғасында, сабақтан тыс дайындықтарда, шараларда, тәртіп бұзуға;

    - білім үдерісіне қатысушыларға, оқушыларға тіл тигізуге, абыройы мен ар-намысына тиюге;

    - сабақ барысында мұғалімнің рұқсатынсыз ұялы телефон қолдануға;

             -мектепке жарылыс пен өрт қаупін тудыратын кез келген заттар мен құралдарды әкелуге: жарғыш, өрт тудыратын заттар, қару, уландырғыш және улызаттарды, пиротехникаларды, газдық баллондар, үшкір, кесетін құралдарды, пышақ т.б. нәрселерді әкелуге;                  - шамадан тыс косметика қолдану және мектепте зергерлік бұйымдарды    кию;

    -  қандай бір мақсатпен және қандай да бір тәсілмен қару қолдануға (сонымен қатар жарылғыш, өрт тудыратын заттар, алкогольді сусындар, шылымдар, есірткі заттарын) мектеп территориясына алып кіруге;

    - мектепте сағыз шайнауға;

    - сабақтарда плеерлер мен мобильді байланыс қолдануға;

    - қоғамға жат қимылдар мен тіркестерді қолдануға;

    - техникалық қауіпсіздік ережелерін бұзуға;

    - мектепке алкогольді және есірткі заттарды әкелуге және қолдануға;

    - мектеп мүліктерін бүлдіруге және сындыруға, мектеп қызметкерлері мен басқа да оқушылардың жеке мүліктеріне зиян келтіруге;

    - қарым-қатынаста болған кикілжіңдерді шешуге, қорқыту мен тартып алу мақсатында қандай да бір әр түрлі формадағы күш  және қысым көрсетуге;

    - қоршаған адамдарға қандай да бір қауіп тудыратын әрекет жасауға;

    -  білім беру ұйымдарына кремді кондитерлі заттар әкелуге тыйым салынады (16.08.17 жылғы Денсаулық сақтау Министрлігінің № 611 бұйрығы).

             -рұқсатынсыз мектепке бөгде адамды шақыруға немесе ертіп келуге;

             -сабаққа лас, үтіктелмеген, іскерлік қалыпқа сай емес мектеп формасын кимей келуге және діни киім киюге;

             -құмар ойындарын ойнауға;

     

              -сабақ басталардан алдын оқушылар өз жұмыс орнын, сыныпта жұмыс істеуге қажетті заттарын дайындап қоюы тиіс;

            -сыныпқа педагог қызметкер кіргенде, оқушылар сәлемдесу мақсатында орындарынан тұрады, педагог қызметкер жауап бергенде ғана оқушылар өз орындарына отыруы тиіс. ар          

             -оқушылар сыныпқа кірген кез келген ересек адамға ілтипат көрсетіп, орындарынан тұрып сәлемдесуі тиіс;

               - Сабақ уақытында шулауға, басқа нәрсеге назар аудару не өзгенің назарын аударуға, ойнауға және басқа да іс-әрекеттермен айналысуға тыйым салынады;

              -Оқушылар оқу үрдісіне қатысы жоқ мәселелер бойынша телефон, өзге де құрылғыларды қолдануға болмайды.

              -Барлық техникалық құрылғыларды сөндіріп, дыбыссыз режимге қойып, стол үстінен алып қою керек.

              -Бірнеше рет тәртіп бұзушылық қайталанса, техникалық құрылғылар оқушылардан алынып, оқушының заңды өкілі келгенде ғана қайтарылады.

              -оқушылардың мұғалім рұқсатынсыз сыныптан шығуына тыйым салынады. Тіпті болмаған жағдайда оқушы қолын көтеріп, педагог қызметкерден рұқсат сұрауы тиіс.

     Өзгелердің демалуына кедергі келтіруге, дауыс көтеріп сөйлеуге, айғайлауға, шулауға; кез келген мәселелерді шешу үшін бір-бірін итермелеп, түрлі заттарды лақтыруға.

    1. Асханадағы тәртіп:

     Оқушылар гигиенаны сақтауы тиіс: асханаға сырт киіммен кіруге болмайды, тамақтанар алдында қолын тазалап жуу керек. Оқушылар мектеп асханасына асықпай, бір-бірін итермелемей, кезекті бұзбай кіруі тиіс, асханада шулауға тыйым салынады; асханада тазалықты сақтау, столды жинап кетуі тиіс.

    1. Сыныптан тыс іс-шара кезіндегі тәртіп:

               -іс-шара өтер алдын оқушылар қауіпсіздік ережесі бойынша нұсқаулықпен танысуы тиіс;

               -іс-шара барысында, жеке өмірі мен айналасындағылардың өміріне қауіп төнетін жағдайда оқушылар мұғалімнің, іс-шара жетекшісінің нұсқаулығын тыңдауы тиіс;

               -оқушылар жеке бас гигиенасын сақтауы, денсаулығы нашарлап не жарақаттанған жағдайда дер кезінде топ жетекшісіне хабарлау тиіс;

               -Оқушылар жергілікті дәстүрлерді сақтап, табиғатқа, тарихи және мәдени ескерткіштерге, жеке және топтық меншіктегі заттарға ұқыптылықпен қарауы тиіс;

               -Мектеп қабырғасында от жағуға тыйым салынады.

            -оқушы танымдық іздемпаздығы қалыптастыру;

            -сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйрену;

            -шығармашылық ой — өрісін арттыру;

            -кітаппен жұмыс, көркем және ғылыми әдебиеттер, баспа материалдармен жұмыс істеу біліктерін қалыптастыру;

            -тұжырым жасауға үйренеу;

            -өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетін үйренуге;

            -білімін жүйелі түрде толықтыруға;

            -өз әрекетіне сын тұрғысынан қарауға.

    Послание
    Президента

    Біздің мектебіміздің сайты Сізге ұнай ма?

    Дауыс беру

    -->

    Пайдалы сілтемелер