Меню KDT
  • Vk
  • YouTube
  • Twitter
  • Instagram

logo.png?_=1521042711

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
  • kz
  • Бақытты бала қаланатын мектеп: Әр баладан үміт күту
    Меню школы

    "Тəрбиенің тамыры отбасында" тақырыбында ата- аналарға арналған психологиялық кеңес жұмысы өткізілді

    Өткізілген күні: 26.04.2018

    Уақыты:18.00

    Жиналыс тақырыбы: «Тәрбиенің тамыры- отбасында»

    Қатысушылар: Ата-аналар мен сынып жетекшілер

    Жалпы саны: 325

    Жиналыс барысы: Астана қаласы 67- ші гимназиясында 26 – сәуір күні  "Тəрбиенің тамыры отбасында" тақырыбында ата- аналарға арналған психологиялық кеңес жұмысы өткізілді. Қоғамда бала тəрбиесіндегі отбасы рөлінің маңыздылығы мен жауапкершілік жүгінің тұрғанын, бала көңіліндегі əрбір қыры мен сырын ата- ана аша білу, бала жанына əрдайым жақын болуын жеткізе отырып мектеп пен ата- ана арасындағы бірлескен тəрбиенің ортақ мақсатта серіктестікті жетілдіре түсуді алға тартқан гимназия директоры Гулжанат Асанқызы ата- аналар қауымына өз ойын тарқата сөйледі. Бала тағдыры баршаны алаңдататынын айта келе, балалар мен ата- аналарға жəне ұстаздарға əрдайым қолдау танытып, психологиялық қызмет көрсетуді ұсынған "Астана дарыны" дарындылықты дамыту жəне психологиялық сүйемелдеу орталығының директоры Майра Жаноразқызы ата- аналарға үлкен ой салатын, толғандыратын, отбасында баланың қаншалықты тəрбиені алып жатқанына зер салуын ата- ана міндетін өмірде кездесетін мысалдарды келтіре терең түсінік берді. Бала тəрбиесі соның ішінде қыз балаға тəн қасиет тəлім- тəрбиені бойына ұлттық рухта дарыта білетін Астана қаласы "Қазақ қызы" мəдени- инбаттылық қыздар институтының басқарушы директоры Əбенова Сəлима Əбенқызы ұлт болашағын тəрбиелеу жолында қызмет жасап жаткан институттың берер тəлімінің мəні зор екендігін таныстыра өтіп, мектеп пен ата- аналарды байланыс жасауға шақырды.

    Послание
    Президента

    Біздің мектебіміздің сайты Сізге ұнай ма?

    Дауыс беру

    -->

    Пайдалы сілтемелер