Меню KDT
  • Vk
  • YouTube
  • Twitter
  • Instagram

logo.png?_=1521042711

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
  • kz
  • Бақытты бала қаланатын мектеп: Әр баладан үміт күту
    Меню школы

    Сыныпты бақылау тәжірибесі

    Сыныпты бақылау тәжірибесі

           2017-2018 оқу жылының қараша айынан бастап №67 гимназияда «Сыныпты бақылау тәжірибесі» жобасы жұмыс жасап жатыр. Жоба негізінде ата-аналар өздерінің балаларының сабақтарына қатысып, білім деңгейлерін анықтайды.      

    Сыныпты бақылау тәжірибесінің мақсаты: 

    --Оқушылардың  сабаққа белсенділігін арттырып, жауапкершілігін сезіндіру;

    - Ата - аналардың баласының біліміне деген жауапкершілігін арттыру;

    - Мектеп, ата-ана және  оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

           2017-2018 оқу жылының қараша  айының  20-25 аралығында  «Сыныпты бақылау тәжірибесі»  атты ашық есік апталығының І кезеңі өтті. 

    Барлық 1-11 сыныптар бойынша сабақтарға  567 ата-ана қатысты.

        І кезең қорытындысы бойынша 9 желтоқсан күні «Ата-ана мен бала: идеал мен шындық тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

    Мақсаты: Бірлескен зерттеу жұмыстары арқылы ата-аналарды серіктестікке тартып, оқушының оқуын жақсарту.

    Осы кезеңдегі ата-аналардың ұсыныстары негізінде мектепте «Оқырман бұрышы», «Отбасы клубы» ашылып, жұмыс істеп жатыр.

         2017-2018 оқу жылының ақпан  айының  12-16 аралығында  «Сыныпты бақылау тәжірибесі»  атты ашық есік апталығының ІІ кезеңі өтті. 

    Барлық 1-11 сыныптар бойынша сабақтарға  306 ата-ана қатысты.

        ІІ кезең қорытындысы бойынша «Сыныпты бақылау тәжірибесінен кейінгі талдау» тақырыбында ашық-сұхбат өтті.

    Ашық-сұхбат барысында ата-аналар тарапынан мынадай ұсыныстар болды.

    1. «Отбасымдағы бір күнім» деген тақырыпта видеоролик түсіріп, сынып сағаттарында көрсетілсе. Соның нәтижесінде сыныптар арасындағы мектепішілік сайысқа жіберілсе.
    2. «Қайырымды іс- отбасынан бір ағаш»  мектеп жанына ағаш көшеттерін отырғызып, аллея жасау.
    3. «Қаладағы мәдени орындарға саяхат» атты фотосурет көрмесін ұйымдастыру.

    Сыныпты бақылау тәжірибесінің ІІІ кезеңі сәуір айына жоспарланып отыр.

     

      

     

     

    Послание
    Президента

    Біздің мектебіміздің сайты Сізге ұнай ма?

    Дауыс беру

    -->

    Пайдалы сілтемелер